Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

«Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы мәресіне жетті

2019 жылғы 29 маусым 18:40 2783
Бөлісіңіз:
 «Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы мәресіне жетті

БАЯНАУЫЛ. ҚазАқпарат - 21 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласынан сапарға аттанған «Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін «Киелі Қазақстан» экспедициясы Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан «Жасыбай» демалыс орталығына табан тіреді. Бұл - экспедицияның соңғы нүктесі. Салт аттыларды ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды.
null 

Баянауыл - әулиелер мен ғұламалар көп шыққан киелі мекен. Бұқар жырау, Жаяу Мұса, Жүсіп Көпейұлы сияқты тұлғалардың туған жері. Экспедиция мүшелері академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайын аралады. Одан бөлек, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесінде болып,  Мұса Мырза мешітінде құран бағыштап, Сарыадыр бұлағынан су ішті. Киелі мекенде көне тарихтың іздері де баршылық. Солардың бірі Торайғыр ауылының аумағынан табылған сақ қорғандары. Сонымен қоса,  ұлттық парктегі ең танымал орын Кемпір тасқа барды. Шара соңында салт аттылар бүлдіршіндерге арнайы сый-сияпат ұсынды.
null

Бұдан бұрын экспедиция мүшелері он күн бойы тек қазақы жылқыны мініп жүретіні хабарланған еді.  

«Экспедицияның мақсаты - атқа міну мәдениетін насихаттап, Қазақстанда атты туризмді дамыту. Осы жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы атқа міну мәдениетін жаңғыртуға елеулі үлес қосады деп сенемін», - деп келтіреді салт аттылар жетекшісі Берік Ақылбековтің сөзін «QazaqGeography» РҚБ.
null 

«Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы 21 маусымда елорда маңындағы «BalQaragai» демалыс орталығынан ақсақал қариялардың батасын алып, жолға шыққан болатын. Осы уақыт аралығында қатысушылар Ақмола, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтті. Салт аттылар тәулігіне 50-60 шақырымды еңсеріп, жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрды. Экспедиция құрамында атқа мінудің қыр-сырын жіті білетін тәжірибелі шабандоздар, туроператор өкілдері, тревел-блогерлер, тілшілер, фотографтар мен видеооператорлар бар.
null 
null 

Экспедиция нәтижесінде атты туризмді белсенді дамыту үшін қолдануға болатын бағыттар анықталды. Ол жерлер нақты координаталармен, сапалы фото және бейнематериалдармен қамтылып, толық сипатталатын болады. Әрі қарай бұл ақпараттың барлығы отандық туркомпанияларға беріледі. 

Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің бастауымен жүзеге асты. Ұйымдастырушысы - «Kazakh Tourism» ҰК, маршрутты жасап және экспедицияны өткізген - «QazaqGeography» РҚБ.

Экспедицияның толық жүріп өткен жолдары: Нұр-Сұлтан қаласы -Қарағайлы археологиялық кешені - Соколиные горы (Бұйратау ҰТП) - Едіге би кесенесі - Алғабас а. - Белодымовский кордон, Қараағаш (БұйратауҰТП ) - Әлкей Марғұлан а. - Қарабұлақ а. - Мұса Шорманұлы а. - Бұқар Жырау кесенесі - Жаңатілек а.- Жаяу Мұса кесенесі -Баянауыл а.-  Жасыбай көлі, С.Торайғыров кесенесі, Қоңыр әулие (Баянауыл ҰТП) - Нұр-Сұлтан қ.


null 
null  

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT