+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

«Киелі Қазақстан» экспедициясы атқа міну мәдениетін жандандырды

2020 жылғы 14 қаңтар 10:00
Бөлісіңіз:
«Киелі Қазақстан» экспедициясы атқа міну мәдениетін жандандырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Киелі Қазақстан» экспедициясы атқа міну мәдениетін жандандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10-12 қаңтар аралығында «Киелі Қазақстан» экспедициясы мүшелері Павлодар облысына жиналды. Аталған экспедицияның мақсаты - жылқыны қолға үйрету мәдениетін дәріптеп, ішкі туризмді насихаттау.

Шараға тәжірибелі шабандоздар, құсбегілер, тревел-блогерлер мен тілшілер, фотографтар және видеооператорлар қатысты.

Экспедицияның алғашқы күні қатысушылар Сәтбаев ауылынан Далба тауының етегіне дейін жетіп, Бұқар жырау жерленген ұлы абыздың кесенесін аралады. Әрі қарай «Қаныш Сәтбаев» және «Теңдік» кесенелеріне де салт атпен барды. Осылайша, атқа мінген саяхаттаушылар экспедицияның алғашқы күні 60 шақырым жолды жүріп өтті.

Ал, екінші күні экспедиция мүшелері Қ.Сәтбаев ауылында мектеп оқушылары мен ауыл жастары арасында ертеден келе жатқан ұлттық ат спорты ойындарын ұйымдастырды. Жасөспірімдер атқа мінуге машықтанып, асау жылқыны жүгендеу, міну, жегу тәсілдерін үйренді.

«Атқа міну мәдениеті – қазақ халқының қанына сіңген, өмірлік серігіне айналған үрдіс. Экспедиция жасөспірімдер арасында ұлттық ат спортын насихаттап, жаңа туристік бағыттарды жасау және туған жерімізді зерттеуге ықпал етеді. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото және видеолар жасақталмақ, Сондай-ақ, иллюстрацияланған жолнұсқа да жасалатын болады», - деді Ат-TRAVEL клубының жетекшісі Берік Ақылбеков.

Экспедиция «Жабағы» жарысы мен «Теңге алу» сайыстарына қатысып, үздік атанған жасөспірімдерді марапаттау рәсімімен қорытындыланды.

Айта кетейік, «Киелі Қазақстан» экспедициясы «Kazakh Tourism» ҰК мен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 3-ші мәрте жүзеге асып отыр. Бұған дейін саяхатшылар Ақмола, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT