+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Kids go free: Қанша жастағы балалар ұшақта тегін ұша алады

2021 жылғы 14 маусым 17:03
Бөлісіңіз:
Kids go free: Қанша жастағы балалар ұшақта тегін ұша алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kazakh Tourism компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Kids go free бағдарламасының биылғы талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды тұрғыны киелі Ұлытауға жаяу аттанды СҚО-ның жаңа туристік логотипі бекітілді Серікбай Трұмов: Туризм нысандарының салынуы облыс экономикасына зор серпін береді

«Kazakh Tourism компаниясы Kids go free бағдарламасының әкімшісі және операторы болады. Бұл – балалардың ұшу шығынын субсидиялау тетігі. Бұл бағдарлама топ-10 дестинацияда отбасылық демалысты ұйымдастыру көлемін арттыруға бағытталған. Бағдарлама туристік операторлар арқылы іске асады. Яғни, 2-14 жас аралығындағы баласы бар отбасы қазақстандық курорттарға туристік операторлар арқылы билет сатып алған болса, балалардың билет құны кешіріледі», - деді компания басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Kazakh Tourism басшысы мұндай субсидия 2-3 жолдамаға төленбейтінін ескертті. Сондай-ақ, билет құны тек туристік операторлар арқылы демалысқа барған отбасыларға ұсынылмақ.

«Мұндағы жалғыз талап - ұшып келген жерде отбасы 4 түн, 5 күннен кем болмауы керек. Осы арқылы біз Қазақстандағы отбасылық демалысты қолдаймыз. Біздің есебіміз бойынша осының арқасында отбасының жолдама алуға кететін бюджеті 20-30 пайыз үнемделеді», - деді Ержан Еркінбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT