Киберқауіптің өршуіне байланысты банктердің қауіпсіздігі күшейтіледі - агенттік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиіст қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Банк жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі ел экономикасының орнықтылығын қамтамасыз ететін жүйе құраушы фактор болып табылады. Киберқауіптердің өршуіне байланысты банк клиенттері, олардың шоттарының жай-күйі және түрлі қаржылық операцияларды жүргізу туралы конфиденциалды ақпаратты қамтитын жүйелерді қорғауды күшейту қажеттілігі артып келеді», - делінген агенттік хабарламасында.

Аталған қаулымен қабылданған өзгерістер екінші деңгейдегі банктерге олардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қойылатын қолданыстағы талаптарды күшейтеді.


Соңғы жаңалықтар