Кибербуллинг фактілерін арнайы комиссия 3 күнде қарайтын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров кибербуллинг оқиғаларына мониторинг жүргізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз оларды тексеретін қадағалаушы орган емеспіз. Егер ата-аналардан немесе заңды өкілдерден балаға қатысты кибербуллинг жөнінде өтініштер түссе, оларды уәкілетті орган қарайтын болады», - деді Данияр Кәдіров Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта уәкілетті орган – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып отыр.

«Министрлік жанынан психологтарды, лингвистерді тарта отырып, сарапшылар тобы құрылады. Кез келген шағым үш күн ішінде қаралады, контент жарық көрген паблик немесе интернет-ресурстың өкіліне хабар жіберіледі. Осылайша контент 24 сағат ішінде жойылады. Бұл балалар психикасы, мұнда уақыт өткізуге болмайды, сондықтан нақты әрі жылдам шешімдер қабылдау қажет», - деп түйіндеді вице-министр.

Еске сала кетсек, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Бұған дейін Бейбіт Исабаев заңға енгізілген нақты 4 түзетуді түсіндірген еді.



Соңғы жаңалықтар