Кибер алаяқтардың 10 қылмыстық тобы әшкереленді - Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарыс күрес бағытында қолға алынған іс-шаралардың орындалу барысы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Бас прокуратураға алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.

Мәселенің өзектілігі аталған қылмыс түрлерін тіркеудің тұрақты өсуіне және жәбірленушілердің көптігіне байланысты болды.

Осыған байланысты, Бас прокуратура мүдделі органдармен бірлесіп 2022 жылға арналған алаяқтықтарға (интернет-алаяқтықтарға) және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешенін қабылдады.

Іс-шаралар кешеніне құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіру (жедел ақпарат алмасу, жедел-тергеу қызметкерлері үшін бейінді оқыту жүргізу, IT бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеу және енгізу, жауапкершілікті күшейту және т.б.) жөніндегі шаралар кіреді.

Атап айтқанда, Бас прокуратура сұраныстарды санкциялау рәсімін сақтай отырып, банктік шоттар мен ақша қаражаттарының қалдығына сұраныстарды жіберу бөлігінде Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі әмбебап сервисі жобасын іске асырды.

Бұл ақпарат алмасуды жеделдетуге және кибер алаяқтардың 10 қылмыстық тобын ізін суытпай әшкерелеуге мүмкіндік берді.

Мысалы, Шымкентте бес адамнан тұратын құқық бұзушылар тобы өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, азаматтарға несие ресімдеп, қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдалана отырып, ақша қаражатын жымқырған.


Соңғы жаңалықтар