+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

ҚХР Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл Қытайға ресми сапармен келуге шақырды

2019 жылғы 13 маусым 21:37
Бөлісіңіз:
 ҚХР Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл Қытайға ресми сапармен келуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы президент болып сайлануымен және Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтағаны үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасына ризашылық білдірді.

- Менің атыма жолдаған жүрекжарды құттықтау хатыңызды алдым. Сайлау қорытындысын Қазақстан халқының маған артқан зор сенімі және Тұңғыш Президентіміз, Сіздің досыңыз Нұрсұлтан Әбішұлының бағдарын қолдауы ретінде қабылдаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті қазақ-қытай ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастардың сыртқы саясатымыздағы басты басымдықтардың бірі екенін айтты.

- Бұл ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты бар. Кең ауқымды Еуразия құрлығындағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оның маңызы зор, - деді Мемлекет басшысы.

null

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді «Бір белдеу - бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының табысты өтуімен және ҚХР-дің алдағы 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

ҚХР Төрағасы Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен тағы да құттықтап, биыл Қытайға ресми сапармен келуге шақырды.

- Біз Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, цифрландыру, ІТ-индустрия және «жасыл» технология салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміттенеміз. Сондай-ақ, «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасы мен Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын ұштастыру арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңірек пайдалануға мүдделіміз, - деді ҚХР Төрағасы.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы, соның ішінде жастардың тағылымдама алмасуларын кеңейту және бірлескен іс-шаралар өткізу жөніндегі екі елдің ықпалдастығын талқылады.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT