ҚХР СІМ жаңа басшысы болып АҚШ-тағы Қытай елшісі тағайындалды

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР сыртқы істер министрі қызметіне АҚШ-тағы Қытай елшісі Цинь Ган тағайындалды. Бұл туралы Орталық Қытай телеарнасының (CCTV) хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

CCTV хабарлауынша, бұл шешім туралы жұма күн Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) тұрақты комитеті отырысында мәлім етілді. 2021 жылы Цинь Ган АҚШ-тағы ҚХР елшісі болған еді.
Цинь Ган 1966 жылы Тяньцзинь қаласында туған. 20-шы шақырылған Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің мүшесі.
Бұған дейінгі ҚХР сыртқы істер министрі Ван И қызметінен кетеді. Ол 2013 жылдан бері Қытай сыртқы саяси ведомствосының басшысы болған еді.
ҚХР СІМ жаңа басшысынан бөлек, жаңа Қытай еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі болып Ван Сяопин тағайындалды.
БХӨЖ ТК бүгінгі отырысы барысында 14-ші шақырылымдағы Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының бірінші сессиясы 2023 жылғы 5 наурызда ашылады деген шешім қабылданды.«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, алдағы сессияда Қытайдың негізгі лауазымдары мен мемлекеттік лауазымдарына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып жатыр. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жаңа премьері сайланады.

Фото: Liu Jie / XinHua / Global Look Press



Соңғы жаңалықтар