ҚХР-мен тату көршілікті дамыта түсу Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт - Н. Назарбаев (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік қарым-қатынасты дамыта түсу - Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт. Бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы

Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. «Ең алдымен, Сіз Қазақстанға біздің елімізде өткен Президенттік сайлаудан кейін қадам басып отырған алғашқы мемлекет басшысыз. Осы арқылы Сіз біздің қатынастарымыздың жоғары деңгейін, оған ерекше мән беретініңізді растап отырсыз. Сіз, менімен телефон арқылы да хабарласып, жеделхат жолдағансыз, енді келіссөздер үшін өзіңіз де келіп отырсыз. Біз бұны жоғары бағалаймыз», - деді Н. Назарбаев кеңейтілген құрамдағы кездесуде.

Сонымен қатар, Елбасы Қытай Халық Республикасымен тату көршілік қарым-қатынасты дамыта түсу Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, өзара байланыстар орнаған жылдары Қазақстан мен Қытай екіжақты ынтымақтастықтың сапалы трансформациясын жүзеге асыра алды. «Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған алғашқы күннен бастап, біз Қытай Халық Республикасымен байланысты жандандырып, тату көршіге, сенімді досқа айналдық. Сындарлы экономикалық әріптес болдық. Бізде екі елдің мүддесіне сай, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыта түсуге барлық жағдай, осы бағытта айқындалған нақты жоспарлар бар. Оның бәрі Қазақстан - Қытай қатынасын әлдеқайда жаңа әрі жоғары сапалы деңгейге шығарады. Осының бәрі тікелей Сіздің және Қытай басшылығының қолдауының арқасында болып отыр. Осы үшін де мен Сізге зор ризашылығымды білдіремін», - деді Елбасы Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар