ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесіндегі зілзаладан 7 мыңға жуық адам жапа шекті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесі Тачэн уезінің Шавань ауданында болған зілзаладан жапа шеккендер саны 6 756 адамға жетті. Олардың дені баспанасыз қалды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Жексенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 16:42-де Рихтер шкаласы бойынша күштілігі 5 балл болған жер сілкінісі салдарынан 1 728 құрылыс нысаны қирады.

Қазіргі уақытта табиғи апат ошағының қасында орналасқан 132 ауылда құтқарушылардың үш тобы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар