ҚХР-дағы белгілі ғалым Сұлтан Жанболатов Қазақ еліне ақ батасын арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қандасымыз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, тарихшы ғалым Сұлтан Жанболатов Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, ақ батасын арнады.

«Өзін құраған тайпалар одағы - Ғұн қағандығы, Үйсін, Қаңлы, Алан хандықтары тарихы 3000 жылдың арысынан басталса да, арада сан талып, сан ес жиған, өз атындағы мемлекеттігіне 550 жыл толып отырса да, бертін келе дербестігінен айрылған Ұлы Қазақ елінің тәуелсіздігінің қолына қайта оралып, басына бақыттың тағы қонғанына ширек ғасыр толып отыр. Бұл ұлы мереке құтты болсын!! Қазақ елінің көк байрағы биіктерден желбіреп, ел мәртебесі арта берсін!» - дейді ғалым.

Соныме бірге сексеннің сеңгіріне келген жазушы Қазақстан тәуелсіздігіне ақ батасын берді.

«Қазақ деген басым бар, сексенге келген жасым бар, соған орай аузыма түсіп тұр,  ақ баталық асылдар:

Бисмилләһир рахманир рахим!  

Ұлы қазақ мәңгілік елге бата, 

Ұлы дала  қасиетті жерге бата, 

Әділеттің ақ жолынан таймаған, 

Елі үшін еңбек еткен  ерге бата. 

 

Мына әр түкпірден тойға келген, 

Еліне шын ықылас берген, 

Өкілдердің құтты қылсын қадамын!  

Той жемісті болып, 

Кеңесу ақылға толып, 

Табатын болайық ұлтымыздың қалауын!  

 

Сақтағыш өз салтын, 

Білетін сөз нарқын, 

Тегі асыл әз халқым!  

Алла жолыңды оңдап, 

Аруақтар қолдап, 

Бәрінен де әуелі, 

Байтерек боп мәуелі, 

Ұрпағыңмен мәңгілікке жасар бол!  

Пікірсайыс мәнді ойға, 

Ұсақ шара зор тойға, 

Ұласымын тауып, 

Бағың тіпті жанып, 

Зейін қайтпай ағадан, 

Бас шығып бір жағадан, 

Сызат түспей сағадан, 

Биіктерден асар бол!  

 

Лайым үнемі алға баса бер, 

Шарықтап, өзге жұрттан аса бер, 

Орындалсын ендігі арман, талабың!  

Алла Тағала дәйім қуаттай, 

Байлығын берсін суалтпай, 

Дешті Сақия аталған ұлы даланың!  

Ту ұстаған Елбасыңа, 

Оған ерген кәрі-жасыңа 

Ақылын үстей берсін ең ғұлама дананың!  

Сыртқа тастай берік бол, 

Іште өзара серік бол, 

Мызғымасын тәуелсіздік тағаның!  

Ғылымды жабал игеріп, 

Заманауи күйге еніп, 

Ұша дамы, қуырып дәуір танабын!  

Халқың байып ішті болсын! 

Армияң жеңімпаз күшті болсын, 

Мәңгі бейбіт тұрсын, 

Төрт төңірек тарапың!  

Миллиондап ұрпақ-бас берсін, 

Бәріне жүзден жас берсін!»  

Соңғы жаңалықтар