ҚХЛ плей-офф кезеңі: «Барыс» - «Торпедо» матчын қашан және қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің алтыншы матчында Астананың «Барысы» сырт алаңда Нижний Новгородтың «Торпедосымен» ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу 8 наурыз күні Астана уақытымен 20:00-де болады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Кездесу Нижний Новгородтағы 5 600 көрерменге арналған «Нагорный» стадионында болады.

Айта кетейік, дәл қазір осы сериядағы жалпы есепте Қазақстан клубы 3:2 есебімен ұтып келеді.

Соңғы жаңалықтар