ҚХЛ: Плей-офф бәсекесіндегі барлық жұптар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) тұрақты чемпионат аяқталып, плей-офф ойынның бірінші раундындағы барлық жұптар белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Шығыс конференция:

«Автомобилист» - «Трактор»

«Барыс» - «Торпедо»

«Металлург» - «Салават Юлаев»

«Авангард» - «Ак Барс»

Батыс конференция:

ЦСКА - «Витязь»

СКА - «Спартак»

«Локомотив» - «Сочи»

«Йокерит» - «Динамо» (Мәскеу)

Айта кетсек, астаналық «Барыс» ойынды өз алаңында нижегородтық «Торпедомен» бастайды. Командалар 26 және 28 ақпанда кездеседі. Кейін екі матч Нижний Новгородта 2 және 4 наурызда өтеді. Кейін, жеңімпаз анықталмаса, ойын Қазақстанда 6 наурызда, Ресейді 8 наурызда, кейін қайта Қазақстанда 10 наурызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар