+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

ҚХЛ плей-офф: 1/2 финалдағы «Барыстың» қарсыласы анықталды

2020 жылғы 12 наурыз 01:03
Бөлісіңіз:
ҚХЛ плей-офф: 1/2 финалдағы «Барыстың» қарсыласы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысының жартылай финалында елордалық «Барыс» командасына қарсылас болатын команда анықталды - қазақстандық хоккейшілер Ресейдің «Сибирь» клубымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: Қазақстан чемпионатына БАӘ командасы қатысуы мүмкін ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың жартылай финалына қатыспайды Қазақстанда хоккей жарыстары көрерменсіз өтеді - QHF

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» плей-офф сатысының ширек финалында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын ойындар сериясында 4:1 есебімен сүріндірді. Ал «Сибирь» «Автомобилист» (Екатеринбург) клубын 4:1 есебімен жеңді.

Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында жолыққан емес. Айта кетерлігі, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасына биыл 12-мәрте қатысты. Соның 10-ында плей-офф сатысында бақ сынады. 2014, 2017, 2019 жылдарда жарыстың екінші кезеңіне шықты.

Ал «Сибирь» өз тарихында плей-офф сатысында 6-мәрте бақ сынап отыр. Ресейлік клуб 2013/2014, 2015/2016 жылдарда жартылай финалға дейін жетті.

Екі команда бүінгі күнге дейін құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңінде 37 мәрте кездесіп, оның 16-ы «Барыстың» пайдасына шешілді. Биылғы додада екі команда бір-бір мәртеден жеңіске жетті.

«Барыс» және «Сибирь» арасындағы алғашқы екі ойын 17 және 19 наурызда елордада өткізіледі. Ал екі команда Новосібір қаласында 21 және 23 наурызда шеберлік байқасады. Қажет болған жағдайда 25, 27, 29 наурыз күндері қосымша кездесулер болады. Ойындар бір команданың төрт жеңісіне дейін созылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT