ҚХЛ: «Куньлунь РС» - «Барыс» матчын қашан және қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» сырт алаңда Қытайдың «Куньлунь РС» клубымен кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл матч бүгін Астана уақытымен 17:30-да басталады. «Qazsport» телеарнасы ойыннан тікелей трансляция жасайды.

Матч Шанхайдағы 4 800 орындық «Фэйян» стадионында өтеді.

Айта кетейік, қазіргі сәтте «Барыс» шығыста бесінші орында тұр. Андрей Скабелканың командасында 50 ұпай бар. Негізгі уақытта 50 рет қарсыласын тізе бүктірген. Сондай-ақ, овертайм мен буллит кезінде тағы үш-үш реттен жеңіске жеткен. Шайбалар саны - 116:99.  

Соңғы жаңалықтар