ҚХЛ: «Барыстың» плей-офф бәсекесіндегі қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» плей-офф бәсекесінде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен күш сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Торпедо» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында Челябінің «Трактор» командасын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, Шығыс конференциясында жетінші орынға ие болды.

«Барыс» бұдан бұрын Шығыс конференциясында екінші орынға тұрақтап, Чернышев дивизионының жеңімпазы атанған еді.

22 ақпан күні астаналықтар қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасымен тұрақты чемпионаттағы соңғы кездесуін өткізгеннен кейін елордаға оралады.

«Торпедомен» плей-офф кездесулері Астанада 26 және 28 ақпан күндері, содан кейін Нижний Новгородта 2 және 4 наурызда болады. Келесі кезеңге шығу үшін кемінде төрт жеңіске жету керек. Егер қажет болған жағдайда командалар тағы үш ойын (6 наурызда - Астанада, 8-інде - Нижний Новгородта, 10-ында елордада) өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» «Амур» командасынан ұтылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар