ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 4 желтоқсанда, елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын елорда уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 22 мәрте кездесті. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті. «Локомотив» соңғы рет елордада 2018 жылдың 20 желтоқсанында басым түскен болатын.
Айта кетерлігі, биылғы турнирде «Барыс» соңғы екі кездесуде жеңіске жетті. Ал ресейлік клуб соңғы төрт кездесудің үшеуінде қарсыластарына есе жіберді.
Қазір «Барыс» 28 ойыннан кейін 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 18 орында келеді. Ал 31 ойыннан кейін 44 ұпай еншілеген СКА командасы 7 орында тұр.
- Футболдан жасөспірімдер лигасы: «Қайрат» жастарының қарсыласы белгілі болды
- Легионерлер кетіп жатыр: «Ertis» хоккей клубын қаржыландыру қысқартылды
- Шымкентте теннистен халықаралық турнир өтеді
- Садриддин Ахмедов Мексикада 3 титул үшін айқас өткізеді
-
ШҚО-да Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді
-
Футбол: Алматының «Қайраты» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам