ҚХЛ: «Барыс» жылдың алғашқы матчын Риганың «Динамо» командасымен өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» жылдың алғашқы матчын өз айдынында Риганың «Динамо» командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Юрий Михайлистің шәкірттері 44 бәсекеден кейін 42 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді.

Ригалықтар 43 ойыннан кейін 37 ұпаймен Батыс конференциясында 12-сатыда тұр.

«Барыс» жаңа жылдың алдында өз айдынында «Салават Юлаевқа» тартысты ойында 1:2 есебімен есе жіберсе, «Динамо» сырт айдында овертаймда Нижний Новгородтың «Торпедосын» (4:3) ұтты.

Қарсыластар қыркүйекте Ригада кездесіп, онда айдын иелері 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан бүгінгі ойын «Барысқа» оңайға түспейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» «Салават Юлаев» командасына есе жібергенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар