+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» «Йокерит» командасынан жеңіліп қалды

2019 жылғы 4 желтоқсан 22:01
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» «Йокерит» командасынан жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Металлургті» жеңіп кетті ҚХЛ: «Барыс» «Амурдан» жеңіліп қалды ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барс» командасына есе жіберді

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Атап айтқанда, 32 ойыннан кейін «Барыс» 42 ұпаймен оныншы, «Йокерит» 39 ұпаймен 13 орында тұр. Сондықтан да бүгінгі ойын тартысты өрбіді деуге негіз бар.

«Барыс» хоккейшілері алғашқы минуттан тізгінді қолға алуға тырысты. Бірнеше қауіпті сәттерді ұйымдастырды. Дегенмен оны голға айналдыруға келгенде сәттілік жетіспей жатты. Есесіне ойынның екінші кезеңінде фин хоккейшілері елордалық клуб қақпасына екі шайба соғып кетті. Алдымен 25-минутта Йон Норман есеп ашса, 37-минутта Брайан О'Нилл есепті ұлғайта түсті. Ал 44-минутта елордалық хоккейші Роман Старченко есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен одан кейін 52 -минутта «Йокерит» сапынан Марко Анттила мергендігімен көзге түссе, 58-минутта «Барыс» хоккейшісі Кёртис Волк қарсыластар қақпашысын қапы қалдырған еді. Десе де 59-минутта фин хоккейшісі Марко Анттила қорытынды есепті белгіледі. Нәтижесінде «Йокерит» 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, екі команда бүгінге дейін тоғыз мәрте шеберлік байқасқан. Нәтижесінде 6 кездесуде елордалық клуб басым түссе, үшеуінде фин командасы жеңіске жетті.

Бұдан бұрын «Барыс» Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын ірі есеппен жеңген болатын.

Енді «Барыс» қатарынан бес ойынды сыртта өткізеді. Алдымен 7 желтоқсанда Ресейдің «Сочи», 9 желтоқсанда «Авангард» (Омбы), одан кейін 18 желтоқсанда «Торпедо» (Нижний Новгород), 20 желтоқсанда «Витязь» (Подольск), 22 желоқсанда «Спартак» (Мәскеу) командаларымен кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT