+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

2019 жылғы 25 қыркүйек 22:56
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кездесуінде сырт айдында Магнитогрскінің «Металлург» командасын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында 15 қазақстандық өнер көрсетеді Түркістанда мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты Щучьелік шаңғышы Шығыс Еуропа кубогы жарысында үшінші орын алды

Бұл - «Барыс» командасының биылғы құрлықтық хоккей лигасындағы тоғызыншы ойыны. Бұдан бұрын елордалық клуб Алматы қаласында өткен екі кездесуде де жеңіске жетті.

Алдымен Мәскеудің «Спартагын», одан кейін Челябінің «Тракторын» тізе бүктірді.

Бүгінгі кездесуде «Барыс» хоккейшілері өздеріне сенімді ойнады. Алғашқы болып есеп ашты. Елордалық хоккейші Джесси Блэкер 3-минутта өз командасын алға шығарды.

Екінші кезеңде айдын иелері таразы басын теңестіруге ұмтылды. Олар бұл дегеніне жетті. Олардың қатарынан 22-минутта Павел Дорофеев мергендік көрсетті.

Үшінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері тағы да екі шайба соғып кетті. Оны 50-минутта Никита Михайлис мергендігімен танылса, 51-минутта Роман Старченко қанжығасын майлады. Нәтижесінде бүгінгі кездесуде «Барыс» 3:1 есебімен басым түсті.

Бүгінгі жеңістен кейін «Барыс» турнир кестесінде 12-орыннан 9-орынға көтерілді. Осылайша үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті.

Елордалық клуб енді 27 қыркүйекте сырт айдында Челябінің «Трактор» командасымен кездеседі. Одан кейінгі үш ойынды өз алаңында өткізеді. Алдымен Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездессе, одан кейін 3 қазанда Нижний Новгородтың «Торпедо», 6 қазанда Череповецтің «Северсталь» клубымен шеберлік байқасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT