+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» төрт ойыннан кейін жеңіске жетті

2020 жылғы 30 қазан 21:49
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» төрт ойыннан кейін жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Екі команда бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клуб жеңіске жетті. Елордалық клуб соңғы төрт кездесуінде жеңіліске ұшыраса, қытайлық команда кейінгі бес кездесудің төртеуінде қарсыластарынан басым түсті.

Бүгінгі ойында «Барыс» командасы үшін жеңіске ауадай қажет болатын. Кездесуде тізгінді айдын иелері қолға алуға тырысты.

Ойынның 9-минутта елордалық хоккейші Якрб Лиль есеп ашты. Ал 13-минутта Мэтт Фрэттин есепті үстемелей түсті.

Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша елордалық клуб төрт ойыннан кейін жеңіліс сериясын тоқтатты.

Екінші кезеңде қытайлық клуб бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Оны 23-минутта Иван Никопищин өзінің еншісіне жазды.

Енді «Барыс» 3 қарашада елордада Латвияның «Динамо» (Рига) крмандасын қабылдайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT