ҚХЛ: «Барыс» «Торпедоны» жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» плей-офф кезеңіндегі бесінші кездесуінде «Торпедодан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда плей-офф кезеңінде төрт кездесу өткізіп үлгерді. Оның екеуінде «Барыс» жеңіске жетсе, екеуінде «Торпедо» мықтылығын дәлелдеді. Ережеге сәйкес плей-офф ойындары бір команданың төрт жеңісіне дейін жалғасады. Сондықтан ендігі кездесуде «Барыс» жеңіске жеткен жағдайда біздің команда жарыстың келесі сатысына берілетін жолдамаға қол жеткізеді.

Осының алдындағы Нижний Новгородта өткен екі кездесуде біздің клуб жеңіліп қалды. Нәтижесінде ойындар сериясында таразы басы теңесті. Сол себепті бүгінгі кездесуде «Барыс» қарсыласынан басым түсуі тиіс еді. Олай болмаған жағдайда «Торпедо» ширек финалдық ойынға шығуы әбден мүмкін.

Бүгінгі кездесуде «Барыс» сенімді ойын көрсетті. Шабуылға жиі шығып тұрды. Нәтижесінде біздің хоккейшілер бірінші кезеңнің өзінде қарсылас команда қақпасына екі шайба соғып үлгерді. Алдымен 6-минутта Мэттью Фрэттин мергендігімен көзге түсті. Ал 11-минутта Брэндон Боченски есепті ұлғайтты. Есеп - 2:0. «Барыс» алға шықты.

Екінші кезеңде қос команда да шайба соғуға тырысты. Дегенмен кейбір сәттерде дәлдік жетіспей жатты. «Барыс» сапынан Андре Петерсон үш доп айырмасымен алға шығуға мүмкіндік жасады.

Үшінші кезеңде «Торпедо» командасы бір гол соққанымен, одан кейін біздің қақпадан саңылау таба алған жоқ. Олардың қатарынан дөреке қимылымен айдыннан қуылған хоккейшілар аз болған жоқ. Ойынның бітуіне үш минуттай қалғанда «Торпедо» қақпашыны алтыншы хоккейшіге ауыстырды. Дегенмен одан ешбір пайда келе қойған жоқ. Бүгінгі кездесу 3:1 есебімен «Барыстың» пайдасына жазылды.

Ендігі кездесу 8 наурызда Нижний Новгородта өтеді. Бұл ойында жеңімпаз анықталмаған жағдайда екі команданың соңғы ойыны 10 наурызда Астана қаласында болады.

Естеріңізге сала кетелік, 4 наурызда «Барыс» Нижний Новгородта «Торпедодан» 5:4 есебімен есебімен жеңіліп қалған еді.

Соңғы жаңалықтар