+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» «Торпедодан» тағы да жеңіліп қалды

2019 жылғы 5 наурыз 02:20
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» «Торпедодан» тағы да жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінде Нижний Новгородта жергілікті «Торпедо» командасымен төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, алғашқы екі кездесу Астана қаласында өтті. Оның екеуінде де біздің команда басым түскен болатын. Алдымен 26 ақпанда «Барыс» «Торпедоны» 4:1 есебімен жеңсе , 28 ақпанда біздің жігіттер аталмыш қарсыласын 5:4 есебімен тізе бүктірді . Ал 2 ақпанда Нижний Новгородта «Торпедо» 3:1 есебімен «Барыстан» есе қайтарды. Нәтижесінде ойындар сериясында олар есеп айырмасын қысқартты.

Бүгінгі кездесуде «Торпедо» алға ұмтылды. Жеңіске жетсе ойындар сериясында таразы басы теңеседі. Осындай жағдайды түсінген олар біздің қақпа маңында жиі бой көрсеткен еді. Соған қарамастан «Барыс» жігіттері ойын барысында алғаш болып есеп ашты. «Барыс» хоккейшісі Патрик Кормье 7-минутта өз командасын алға шығарды. Ал 14-минутта Павел Акользин есепті ұлғайта түсті. Біздің хоккейшілер 16-минутта қарсыластар қақпасынан тағы да саңылау тапты. Бұл гол Мэттью Фрэттиннің еншісіне жазылды.

Екінші кезеңде айдын иелері басым ойнады. Кейбір сәттерде «Барыста» есепті ұлғайтатын мүмкіндіктер болған еді. Оны тиімді пайдалана алған жоқ. Төрешілер де біздің ойыншыларды жиі-жиі айдыннан қуды. «Торпедо» бұл кезеңде есеп айырмасын қысқарта алды. Антон Волченков 30-минутта, Михаил Варнаков 36-минутта біздің қақпаға шайба соғып кетті.

Екі команда үшінші кезеңде есепті өзгертуге тырысты. «Торпедо» таразы басын теңестіруді көздесе, «Барыс» есепті ұлғайтуға тырысты. Нәтижесінде астаналық клуб сапынан Кёртис Валк шайба соқты. Дегенмен ойын соңына таман «Торпедо» да біздің қақпаны дәл көздеді. Бұл шайбаны 58-минутта Дамир Жафяров соқты. Ал 59-минутта Денис Паршин таразы басын теңестірді. Есеп 4:4. Ойын овертаймға ұласты. Бұл жолы «Торпедо» командасының жолы болды. Ойын 5:4 есебімен «Торпедоның» басымдығымен аяқталды. Осылайша ойындар сериясы 2:2 есебімен теңесті.

Енді командалар 6 наурызда Астанада ойнайды. Одан кейінгі кездесу 8 наурызда Нижний Новгородта болады. Алты кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 10 наурызда соңғы шешуші ойын елордада өткізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT