ҚХЛ: «Барыс» «Сочи» командасынан жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» Ресейде Сочи қаласының «Сочи» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі команда бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында «Сочи» жеңіске жетті.
Бүгінгі кездесу тартысты деңгейде өтті. Бірінші кезеңде екі команданың да есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болды.
Екінші кезеңнің алғашқы минутында ресейлік клуб «Барыс» хоккейшілерінің қателігін тиімді пайдаланып кетті. Ойынның 21-минутында Мальте Стремвалль мергендігімен көзге түсті. Ал 38-минутта Даниил Мироманов есепті үстемелей түсті. Ол ойынның 58-минутында тағы бір мәрте «Барыс» қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Енді «Барыс» елордада екі ойын өткізеді. Алдымен 30 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдаса, одан кейін Латвияның «Динамо» (Рига) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, 26 қазан күні елордалық «Барыс» Ресейде Новосібір қаласының «Сибирь» командасынан жеңіліп қалған болатын.
- Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды
- Елордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Олимпиадаға іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан жеңілді
-
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады
-
Елордада өткен жылы 7 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді - әкімдік
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам