ҚХЛ: «Барыс» «Слован» командасын тізе бүктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойында өз айдынында Чехияның «Слован» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Слован» биыл сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Қазір турнир кестесінде 25 команда арасында 22 орында келеді. Соңғы төрт кездесуде жеңістің ащы дәмін татып жүр. Ал «Барыстың» жағдайы тәуір. Елордалық клуб 11 орынға жайғасқан.

Бүгінгі кездесуде айдын иелері бірден-ақ шабуылды үдете түсті. Соған қарамастан бірінші кезеңде небәрі бір шайба ғана соғылды. Әріптесі Даррен Дицтің берген пасын «Барыс» хоккейшісі Дмитрий Шевченко голға айналдырды.

Екінші кезең біздің команда үшін табысты болды. Бұл кезеңде қарсыластар қақпасына екі гол соғылды. Алдымен Никита Михайлис 21-минутта шайба енгізіп, есепті үстемелей түсті. Ол 39-минутта командалас әріптесі Кертис Валкке нәтижелі пас шығарып берді. Есеп 3:0. Ойын осы есеппен аяқталды.

Айта кетейік, «Барыс» сырт айдында бұған дейін төрт ойын өткізді. Олар алдымен Татарстан астанасы - Уфа қаласында жергілікті «Салават Юлаевтан» 3:7 есебімен жеңілсе, одан кейін Мәскеуде «Динамодан» овертаймда - 3:2, Подольскіде «Витязьден» буллитен 4:3 есебімен басым түсті. Латвия астанасы - Рига қаласында жергілікті «Динамо» клубын 7:3 есебімен тізе бүктіріп кетті .

Ал 3 қазанда өз айдынында Мәскеудің ЦСКА клубынан оветраймда 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» 9 қазанда өз айдынында Риганың «Динамо» клубымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар