ҚХЛ: «Барыс»-«Сибирь» матчын қашан және қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында новосібірлік «Сибирь» командасын қабылдайды, деп жазады Sports.kz.

Ойын бүгін Астана уақытымен 19:30-да басталады, оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Кездесу 12 000 адамға арналған «Барыс-Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Андрей Скабелканың командасы Шығыс лигасында екінші орында және Чернышев дивизионында көш бастап келеді. Оның активінде 79 ұпай бар - негізгі уақытта 26 рет, овертаймда бес және буллиттер сериясында төрт рет жеңген, шайбалар - 177:138.

Соңғы жаңалықтар