+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» Шығыс конференциясында төртінші орынға көтерілді

2019 жылғы 4 қазан 00:25
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» Шығыс конференциясында төртінші орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында «Барыс» өз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедо» командасын қабылдап, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа жол берді Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» құрамында бірқатар өзгерістер болды ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа есе жіберді

«Барыс Аренада» өткен матчта Андрей Скабелканың шәкірттері қарсыласын 2:1 есебімен ұтты.

Жетінші минутта сан басымдылығын пайдаланған Ииро Пакаринен айдын иелерін алға шығарды. Дегенмен 17 минутта қонақтардан Джордан Шредер дәл осындай мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ – 1:1.

Екінші кезеңде 28-минутта Роман Старченконың соққан шайбасы «Барысқа» жеңіс әперді.

Матч барысында «Торпедодан» Михаил Варнаков, елордалықтардан Р.Старченко буллит орындауда қақпа кілтін таба алмады. Оған қоса «Барыстың» шабуылшылары ең ұрымтал сәттерді мүлт жіберіп жатты. Мұны ойын соңындағы сұхбатында А.Скабелка да атап айтты.

Енді «Барыс» 6 қазан күні «Барыс Аренада» Череповецтің «Северсталымен» өтетін бәсекеге дайындалатын болады.

«Торпедоны» ұтқаннан кейін 16 ұпай жинаған елордалықтар Чернышев дивизионында 4-орыннан 2-ге, Шығыс конференциясында 7-ден 4-сатыға көтерілді. ҚХЛ-дың жалпы кестесінде жетінші орында келеді. Чемпионат қорытындысында әр конференцияда алғашқы сегіздікке енген командалар плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қатарынан төрт мәрте жеңіске жеткен «Барыс» өз айдынында күтпеген жерден қытайлық «Куньлунь Ред Стар» клубынан жеңіліп қалған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT