+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа жол берді

2019 жылғы 15 қараша 01:03
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, арадағы аздаған үзілістен кейін құрлықтық хоккей лигасындағы ойындар қайта жалғасты. Елордалық команда 12 қарашада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) клубын сырт айдында 2:1 есебімен жеңіп кетті. Нәтижесінде бес ойынға жалғасқан жеңіліс сериясын тоқтатқан болатын.

«Барыс» бүгін де тәп-тәуір ойын көрсетті. Десе де есепті алғаш болып ресейлік клуб ашты. Ойынның 3-минутында «Динамо» сапынан Артем Волков ашты. Ал 7-минутта елордалық клуб қатарынан Леонид Метальников таразы басын теңестірді. Ал 19-минутта оныі әріптесі Никита Михайлис «Барысты» алға шығарды. Ресейлік клуб 36-минутта таразы басын теңестірді. Бұл шайбаны Игорь Попыгалов соқты. Нәтижесінде ойын овертаймға ұласты. Овертмайда жеңіс шайбасын мәскеулік Дмитрий Яшкин соғып кетті. Нәтижесінде «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Елордалық клуб ендігі үш ойынын өз айдынында өткізеді. Алдымен 19 қарашада Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдаса, одан кейін 22 қарашада Қазанның « Ак Барс», 24 қарашада Хабаровскінің «Амур» клубтарымен шеберлік байқасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT