ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа есе жіберді
«Барыс» соңғы үш ойында қарсыластарыне есе жіберіп қойды. Сондықтан бүгінгі кездесуде жеңіске жету жолын іздейтіні белгілі еді.
Кездесу барысында «Автомобилист» хоккейшілері есепті алғашқы болып ашты. Ойынның 6-минутында Джефф Плэтт өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін «Барыс» хоккейшілері қарқынын үдете түскен еді. Дегенмен бірінші кезеңде есеп өзгерген жоқ.
Айдын иелері қатарынан 25-минутта Егор Шалапов қарсыластар қақпасын дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Ал 38-минутта «Автомобилист» сапынан Брукс Мэйсек мергендік танытып кетті.
Үшінші кезеңде айдын иелері тағы да гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде 40-минутта қазақстандық Аркадий Шестаков қақпаны дәл көздеді. Есеп 2:2. Дегенмен есеп 49-минутта тағы да өзгерді.
Бұл жолы да ресейлік клуб алға шықты. Голды Павел Дацюк салды. Ал 55-минутта елордалық Даррен Диц тағы да таразы таразын теңестірді. 3:3. Кездесу овертаймға ұласты. Жеңіс шайбасын қонақтар сапынан Найжел Доус соғып кетті. Осылайша «Барыс» 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Елордалық клуб төртінші ойын қатарынан қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Енді «Барыс» елордада бір ойын өткізеді. Олар 2 қарашада ЦСКА (Мәскеу) командасын қабылдайды. Ал одан кейінгі кездесуін 12 қарашада сырт айдында Ресейдің «Северсталь» (Череповец) клубына қарсы өткізеді.
«Барыс» бұдан бұрын Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубынан жеңіліп қалған еді