+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа есе жіберді

2019 жылғы 25 қазан 01:02
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасымен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алты жеңістен кейін қарсыласына есе жіберді «Барыс» - «Сибирь» кездесуін қайдан көруге болады ҚХЛ: «Барыс» елордада «Сочи» командасынан басым түсті

Ресейлік клуб турнир кестесінде соңғы орындардың бірінде келеді. Соған қарамастан бүгінгі ойында қазақстандық хоккейшілерге лайықты қарсылық көрсетті. Алғашқы кезеңде Даррен Диц екі минуттық айыппен жазаланды.

Екі команда да бастапқы кезеңде шабуыл шебінде көбірек көрінді. Десе де есеп ашылған жоқ.

Ал екінші кезеңнің 22-минутында Талғат Жайлауов өз командасын алға шығарған еді. Одан кейін 23-минутта Роман Старченко есепті ұлғайта түсті.

Ресейлік клуб хоккейшілері бұдан соң екі шайба соғып, таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен Артур Каюмов 30-минутта бір шайба енгізсе, Степан Санников 35-минутта таразы басын теңестірді.

Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталды. Кездесу овертаймға ұласты.

Айта кетерлігі, соңғы бес кездесуде «Барыстың» ойыны овертаймға ұласып келеді. Бүгін овертаймда «Локомотив» жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» бір ойынды сырт айдында өткізеді. Олар 26 қазанда «Ак Барс» (Қазан) командасымен шеберлік байқасады. Одан кейін 29 қазанда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдайды.

Бұдан бұрын елордалық клуб сырт айдында Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасынан басым түскен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT