ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңінің екінші кездесуінде жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» плей-офф сатысында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесудің алғашқы минутынан тартысты ойын өрбіді. Ресейлік хоккейшілер тарапынан белсенділік байқалып тұрды. Олар «Барыс» қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде де «Металлург» алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде ресейлік команда «Барыс» қақпасына гол соғып кетті. Ойынның 24-минутында ресейлік Андрей Нестрашил мергендік танытты. Ал 27-минутта Сергей Мозякин есепті үстемелей түсті. Андрей Нестрашил 36-минутта кездесудегі екінші голдың авторы атанды.

Үшінші кезеңде «Барыстың» белсенділігі байқалды. Дегенмен екі команда да гол соға алған жоқ. Ойында «Барыс» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Барыс» 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді 5 және 7 наурыз күндері екі матч Магнитогорск қаласында болады.

Жарыс талабы бойынша кезеңнің аталмыш сатысында команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 9, 11, 13 наурыз күндері өткізіледі.


Фото: www.hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар