ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңіне жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» ресми түрде Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын елордалық клубтың плей-офф кезеңіне жолдама тағдыры шешілетінін жазған едік. Ол үшін «Барыс» «Нефтехимиктен» басым түсіп, Қытайдың «Куньлунь Ред Стары» Ресейде «Трактордан» жеңілуі тиіс болатын. Ойын барысы қазақстандық жанкүйерлер күткендегідей өрбіді. «Куньлунь Ред Стар» «Трактордан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» клубынан 2:1 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде «Барыс» плей-офф кезеңіне жолдама алды. Осылайша мұндай мүмкіндікке ие болған жеті команданың қатарына қосылды. Бұған дейін Ресейдің «Авангард», «Ак Барс», ЦСКА, СКА, «Динамо», Финляндияның «Йокерит» клубтары жолдамаға қол жеткізді.

«Барыс» 2015/2016, 2017/2018 жылдары Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінен шет қалып қойған болатын. Ал 2013/2014, 2018/2019 жылдары шығыс конференциясында жартылай финалға дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар