ҚХЛ: «Барыс» өзінің рекордын жаңартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты біріншілігінде өз тарихында тұңғыш рет бесінші орынға табан тіреді. Осылайша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, 22 ақпанда «Барыс» Қытай астанасы - Бейжің қаласында жергілікті «Куньлунь Ред Стар» командасын буллиттен 3:2 есебімен жеңіп қайтты Осының нәтижесінде бесінші орынға табан тіреді.

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында 11 жылдан бері сынға түсіп келеді. Бұған дейін астаналық клуб мұндай жоғары табысқа 2013/2014 жылғы кезеңде қол созып, сол жолы құрлықтық хоккей лигасы тұрақты біріншілігінде жетінші орын алды. Сондай-ақ, шығыс конференциясында екінші орын алып, өз дивизионында көш бастағанын жанкүйерлер жақсы біледі. Қалған уақытта мұндай жетістікке қол соза алған жоқ.

Сол жылы плей-офф кезеңінің 1/4 финалдық сатысында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын жалпы есепте 4:2 есебімен жеңді. Ал 1/2 финалдық сатысында елордалық клуб Уфаның «Салават Юлаев» командасына 2:4 есебімен жол беріп қойды.

«Барыс» әзірге бұдан жоғары табысқа қол соза алмай келеді. Биыл сол жетістігін жаңартады деген үміт бар.

Биыл елордалық клуб жарыстың плей-офф сатысында Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасымен кездеседі. Плей-офф кезеңі 26 ақпаннан басталады. Дәл осы күні «Барыс» елордада аталмыш қарсыласын қабылдайды. Екі команда біреуінің төрт жеңісіне дейін ойнайды.
Биыл құрлықтық хоккей лигасы тұрақты біріншілігінде екі мәрте кездесті. Оның біреуінде «Барыс» есебімен жеңіске жетсе, біреуінде «Торпедо» овертаймда 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар