ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Спартактан» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Мәскеудің «Спартак» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысы тартысты өрбіді. Кездесудің 3-минутында ресейлік хоккейші Сергей Широков есеп ашты. Қос команда шабуыл шебінде көбірек бой көрсетті. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

«Барыс» хоккейшілері екінші кезеңді сәтті бастады. Алдымен 21-минутта Никита Михайлис таразы басын теңестірді. Ал 23-минутта Даррен Диц елордалық клубты алға шығарды. Ойынның 25-минутта «Спартак» сапынан Лукаш Радил мергендік танытты.

Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Барыс» сапынан Даррен Диц жеңіс шайбаын соқты.

Екі команда бұған дейін 22 мәрте кездесті. Оның 15-і «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Енді «Барыс» 16 қазанда Ресейдің Қазан қаласында «Ак Барс» командасымен кездеседі. Одан кейін 21 қазанда елордада Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар