ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Металлург» командасын ұтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық «Барыс» Магнитогорскіде «Металлург» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Металлург» Шығыс конференциясында көшбастаушы командалардың бірі болса, елордалық клуб 8-інші сатыда тұрған еді.

Ойын басталысымен санаулы секундтардан кейін Әлихан Әсетов есеп ашты. Бұған айдын иелерінен Никита Коростылев жауап берді.

Екінші таймда «Барысты» Якоб Лилья қайта алға шығарды. Дегенмен, «Металлург» есепті теңестірді. Бұдан кейін Антон Сагадиев мергендік танытты – 3:2.

Үшінші кезеңде «Металлург» командасы таразы басын теңестірді. Овертаймда Якоб Лильядан пас алған Линден Вей жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 4:3.

Осылайша, Юрий Михайлистің шәкірттері «Металлургті» қатарынан екі рет жеңді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын, «Барыстың» Магнитогорскіде «Металлург» командасымен кездесетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар