ҚХЛ: «Барыс» Мәскеуде «Спартактан» басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Мәскеудің «Спартак» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда жалпы турнир кестесінде қатарлас келеді. Олар биылғы құрлықтық хоккей лигасында алғаш рет кездеіп отыр. Аталмыш турнирдің жалпы тарихында қос команда бүгінгі күнге дейін 19 мәрте бақ сынасқан. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалған жеңіс «Спартактың» еншісіне жазылды.

Бүгінгі кездесуде айдын иелері есеп ашты. Оны 18-минутта «Спартак» хоккейшісі Артём Воронин орындады. Ал екінші кезеңде 30-минутта Анатолий Никонцов есепті үстемелей түсті. Есеп 2:0. «Спартак» осылайша өздерінің басымдығын байқатқан. Арада көп ұзамай «Барыс» сапынан Кевин Даллман мергендік танытты.

Үшінші кезеңде біздің жігіттер өздерін жақсы қырынан таныта білді. Алдымен 47-минутта Роман Старченко таразы басын теңестірсе, 53-минутта астаналық хоккейші Даррен Диц өз командасын алға шығарды. Есеп 3:2. «Барыс» алға шықты. Ойын соңына дейін осы есеп өзгерген жоқ.

Бүгінгі кездесуден кейін «Барыс» турнир кестесінде жоғарылай түсті. Елордалық клуб жетінші орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» командасы бұдан бұрын Челябіде «Тракторды» 3:0 есебімен жеңсе, одан кейін Омбыда «Авангардтан» буллитте 3:4 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» 5 қаңтарда Сочиде жергілікті «Сочи» командасымен кездеседі. Ал 8 қаңтарда Астанада Хабароскінің «Амурын» қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар