ҚХЛ: «Барыс» қытайлық клубты тізе бүктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» биылғы құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы ойынын Қытайда «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізді. Бұдан кейін плей-офф кезеңі саналатын Гагарин кубогы ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» командасы плей-офф кезеңіне бірнеше ойын бұрын жолдама алып қойған еді. Астаналық клубтың плей-офф кезеңіндегі қарсыласы да анықталды. Біздің хоккейшілер Ресейдің Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасымен шеберлік байқасады.

Ал «Куньлунь Ред Стар» клубы плей-офф кезеңіне шығудан шет қалды. Қазір олар жалпы турнир кестесінде 21-орында тұр.

Дегенмен бүгінгі кездесуде «Куньлунь Ред Стар» жеңісті қолдан бергісі келген жоқ. Биыл екі команда үш мәрте кездесіп үлгерді. Оның екеуінде «Барыс» командасы жеңіске жетсе, біреуінде қытайлық клуб басымдық танытты. 2018 жылдың 12 желтоқсанында Бейжің қаласында біздің хоккейшілер 4:1 есебімен жеңіске жетсе, 2018 жылдың 18 қаңтарында Астанадағы ойында ««Куньлунь Ред Стар» 3:1 есебімен есе қайтарып кетті. Ал 14 ақпанда «Барыс» өз айдынында оларды 3:1 есебімен тізе бүктірді.null

Бүгінгі кездесу тартысты басталды. Алғашқы болып елордалық клуб есеп ашты. Ойынның 4-минутында Егор Петухов біздің команданы алға шығарды. Дегенмен 9-минутта «Куньлунь Ред Стар» командасынан Дрю Шор есепті теңестірді. Ал 24-минутта Войтек Вольски қытайлық клубты алға шығарды. Үшінші кезең бастала салысымен «Барыс» сапынан Андре Петерсон есепті теңестірді. Бұдан кейін есеп өзгерген жоқ. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойын овертаймға ұласты. Овертмайда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» жеңіске жетті.null

«Барыс» бұдан бұрын 20 қаңтарда Хабаровскіде «Амур» командасынан жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» 26 ақпанға дейін демалыс алады. Одан кейін плей-офф кезеңі басталады. Плей-офф ойындары екі команданың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар