НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы матчында астаналық «Барыс» қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ойын бүгін жергілікті уақыт бойынша 19:30-да 12 000 көрермен сиятын «Барыс-Арена» стадионында өтеді. Кездесу «Qazsport» арнасынан тікелей трансляцияланады.
Командалар бұған дейін осы маусым аясында Қытайда кездескен. Онда 3:2 есебімен қазақстандықтар жеңіске жеткен.
Айта кетейік, «Барыс» Шығыс конференциясында 14 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Куньлунь Ред Стар» тоғыз ұпаймен 10-орында келеді.