ҚХЛ: «Барыс» командасы «Куньлунь Ред Стардан» жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Қытайда «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде «Барыс» сенімді ойын көрсете алған жоқ. Көп жағдайда қарсыластар қақпасы маңында қателікке бой алдырды. Бірінші кезеңде қос команда да бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде «Куньлунь Ред Стар» командасы бір шайбамен алға шықты. Оны 28-минутта Итан Верек соғып кетті. Осылайша айдын иелері алға шықты. Бұдан кейін «Барыс» жігіттері алға қарай ұмтылды. Дегенмен таразы басын теңестіруге мүмкіндік болған жоқ. Үшінші кезеңде елордалық хоккейшілер бірнеше мәрте сан басымдығына ие болды. Соған қарамастан есеп өзгере қоймады. Осылайша «Барыс» жігіттері 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» елордада екі ойын өткізді. Алдымен Владивостоктың «Адмиралынан» 1:3 есебімен жеңіліп қалса, одан кейін Хабаровскінің «Амур» клубын 3:2 есебімен тізе бүктірді. «Барыс» ендігі үш ойынын сыртта өткізеді. Алдымен Қытай астанасы - Бейжің қаласында тағы да жергілікті «Куньлунь Ред Стар» комндасымен кездесуде айдынға шығады. Ал 11 қыркүйекте сыртта «Амурмен» кездессе, 13 қыркүйекте «Адмиралмен» ойнайды.


Соңғы жаңалықтар