ҚХЛ: «Барыс» екінші ойынында СКА командасынан жеңілді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы екінші ойынын Ресейде СКА (Санкт-Петербург) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында командалар жылдам шайба соғу мүмкіндігін іздеген еді. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде командалар қарқынды арттыра түсті. Ресейлік команданың есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болды. Нәтижесінде 28-минутта СКА хоккейшісі Дмитрий Яшкин есеп ашса, 36-минутта Александр Волков есепті үстемелей түсті. Оған 39-минутта «Барыс» хоккейшісі Линден Вей бір голмен жауап қайырды.

Ал Александр Волков 58-минутта бос қақпаға шайба соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, СКА командасы өз айдынында «Барыспен» сәтті ойын өткізеді. Бұған дейінгі 14 кездесудің 13-і ресейлік команданың жеңісімен аяқталған.

Айта кетсек, бұдан кейін елордалық клуб 7 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 9 қыркүйекте «Сочи» командаларымен шеберлік байқасады.

Ал елордада 13 қыркүйекте «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын алғашқы кездесуінде минскілік «Динамоға» есе жіберді.



Соңғы жаңалықтар