ҚХЛ: «Барыс» -«Динамо» матчының трансляциясын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасының матчында «Барыс» мәскеулік «Динамоны» қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Матчты ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді . Кездесу Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» стадионында көрерменсіз өтеді.

Айта кетейік, «Барыс» сырт алаңда ригалық «Динамомен» (4:3), минскілік «Динамомен» (4:5 ОТ) және мәскеулік «ЦСКАмен» (1:3) үш матч өткізгеннен кейін қытайлық «Куньлунь Ред Стар» (3:2) командасымен өз алаңында кездесті.


Соңғы жаңалықтар