ҚХЛ: «Барыс» биылғы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Латвияның «Динамо» (Рига) командасымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Динамо» биыл сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Нәтижесінде турнир кестесінде соңғы орындарда тұр. Десе де бүгінгі кездесуде елордалық клубқа лайықты қарсылық көрсетті.

Ойынның бірінші кезеңінің 8-минутында «Барыс» хоккейшісі Максим Семенов 10-минутта айыппен жазаланды. Ал 12-минутта «Динамо» сапынан Кирилл Слепец мергендік танытты. Осылайша бірінші кезең латыш хоккейшілерінің басымдығымен аяқталды.

Екінші және үшінші кезеңдерде «Барыс» таразы басын теңестіруге ұмтылған болатын. Дегенмен ойлаған мақсатына жете алмай жатты.Нәтижесінде «Барыс» 2020 жылдың алғашқы кездесуінде қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» келесі екі ойынын сыр айдында өткізеді. Алдымен 6 қаңтарда Ресейдің «Авангард» (Омбы командасымен кездесе), 8 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларымен шеберлік байқасады.



Соңғы жаңалықтар