ҚХЛ: «Барыс» «Автомобилистен» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Қос клуб биыл үш мәрте кездесу өткізіп, оның үшеуінде де жеңімпаз овертаймда анықталған еді. Оның екеуінде «Барыс» жеңіске жетсе, біреуінде ресейлік клубтың басымдығымен аяқталды.

Бүгінгі кездесу де тартысты өрбіді. Есепті 2-минутта елордалық Кирилл Панюков ашса, 11-минутта «Автомобилист» хоккейшісі Артём Гареев таразы басын теңестірді. Одан кейін қазақстандық команда қатарынан үш шайба соқты. Ойынның 16, 21-минуттарында Роман Старченко қос голдың авторы атанса, 29-минутта Никита Михайлис ресейлік клуб қақпасынан саңылау тапты. Ал 32-минутта «Автомобилист» хоккейшісі Найджел Доус есеп айырмасын қысқартты. Ойында «Барыс» 4:2 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» бұдан бұрын овертаймда Мәскеудің «Динамо» командасынан жеңілді.

Енді елордалық клуб 30 желтоқсанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды.


Фото: www.hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар