ҚХЛ: «Барыс» «Авангардтан» жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойында елордалық клуб 2:5 есебімен қарсыласына есе жіберді. Бірінші кезеңде «Авангард» сапынан Денис Зернов 4, Наиль Якупов 8-минутта екі шайба соғып кетті. Оған «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья 11-минутта бір голмен жауап қайырды. Одан кейін ресейлік Алексей Емелин 16-минутта мергендік танытты.

Ойынның 38-минутында «Авангард» сапынан Кирилл Семёнов есепті үстемелей түсті. Ал 45-минутта елордалық Дмитрий Гурков есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есепті 53-минутта ресейлік хоккейші Денич Зернов белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына есе жіберді. Бұл - «Барыстың» қатарынан үшінші жеңілісі.

Енді елордалық клуб 22 қарашада Ресейде Уфаның «Салават Юлаев» командасымен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар