+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» «Авангард» командасынан басым түсті

2019 жылғы 10 желтоқсан 00:53
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» «Авангард» командасынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик Гамбургте негізгі турнирге өте алмады ҚПЛ: «Астана» мен «Шахтер» тең түсті Ришат Хайбуллин Чехия чемпионатында үздік үштікке енді

«Авангард» - қазақстандық команда үшін қолайсыз қарсылас. Екі команда бүгінгі күнге дейін 51 мәрте шеберлік байқасты. Нәтижесінде 15 ойында елордалық клуб басымдық танытса, қалғанында ресейлік хоккейшілер жеңіске жетті. Сондай-ақ, соңғы үш кездесуде «Авангард» қазақстандық клубты тізе бүктірді.

Бүгінгі ойында қос команда да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Десе де, бірінші кезеңде ресейлік клуб сапынан Кирилл Семёнов 6-минутта «Барыс» қақпасын дәл көздеді. Ал 10-минутта олардың қатарынан Семён Кошелев есепті ұлғайта түсті.

Ойынның екінші кезеңінде «Барыс» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан қарсыластар қақпасына небәрі бір ғана шайба соғуға мүмкіндік алды. Оны 31-минутта Роман Старченко өзінің еншісіне жазды. Ал үшінші кезеңнің соңына таман ойыншылар саны басымдығын пайдаланған «Барыс» хоккейшісі Корбан Найт таразы басын теңестірді. Ал ойынның бітуіне 48 секунд қалғанда Никита Михайлис жеңіс шайбасын соқты. Осылайша елордалық клуб қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.

Аталмыш ойыннан кейін «Барыс» жалпы турнир кестесінде 46 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Ал шығыс конференциясында үшінші, Чернышев дивизионында екінші орынға жайғасты. Ал «Авангард» жалпы ойын кестесінде үшінші, батыс конференциясында екінші, Чернышев дивизионында бірінші орында келеді.

Енді «Барыс» 18 желтоқсанда Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен кездеседі.

Бұдан бұрын елордалық клуб Ресейдің «Сочи» клубынан 4:1 есебімен басым түсті.

Фото: www.hcbarys.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT