ҚХЛ: «Барыс» «Амурдан» жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Хабаровскінің «Амур» командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда биылғы бәсекеде бұдан бұрын бір мәрте кездесіп үлгерді. Елордада 14 қарашада өткен кездесуде «Амур» «Барысты» 6:5 есебімен тізе бүктірді. Біздің хоккейшілер сол кеткен есені қайтара ма деген үміт болған еді. Дегенмен ойын барысы басқаша өрбіді.

Аталмыш кездесуде алғаш болып біздің жігіттер есеп ашқан еді. Ойынның 3-минутында Кёртис Валк айдын иелері қақпасын дәл көздеді. Дегенмен бірінші кезеңнің 14-минутында «Амур» сапынан Игорь Руденков таразы басын теңестіріп кетті. Екінші кезеңде командалар бір-біріне шайба соға алған жоқ. Кездесу тағдыры 57-минутта шешілді. «Амур» хоккейшісі Томаш Зогорна біздің қақпашыны қапы қалдырып кетті. Осылайша аталмыш кездесу 2:1 есебімен «Амурдың» жеңісімен аяқталды. «Барыс» бұдан бұрын қатарынан үш жеңіске жеткен еді.

Бұған дейін «Барыс» өз айдынындағы  1 желтоқсан күні Екатеринбургтің «Автомобилистіне» 2:7 есебімен есе жіберсе, 3 желтоқсанда Магнитогорскінің «Металлургін» 3:2 есебімен жеңді. Одан кейін 6 желтоқсанда Челябінің «Тракторынан» 3:1 есебімен басым түсті. Ал 8 желтоқсанда сырт айдында  Владивостоктың «Адмиралын» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді «Барыс» 12 желтоқсанда Қытайда «Куньлунь Ред Стар» командаларымен кездеседі. Ал 18 желтоқсанда елорадада Череповецтің «Северсталь» командасын қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар