ҚХЛ: «Барыс» Алматыда «Спартактан» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден құрлықтық хоккей лигасында елордалық «Барыс» кезекті ойынында Алматыда Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» кезекті кездесуін Алматыда өткізуінің өзіндік себебі бар. Қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-аренада» күрес түрлерінен әлем чемпионаты өткізілуде. Сондықтан елордалық клуб өз қарсыластарын оңтүстік астанадағы «Алматы-аренада» қабылдауға мүмкіндік алды.

Бүгінгі ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Қос команда хоккейшілері қарқынды ойын көрсетуге тырысты. Дегенмен таблодағы көрсеткіш сол күйінше өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде «Барыс» ойын тізгінін негізінен өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде қарсыластар қақпасынан екі мәрте саңылау тапты. Алдымен 34-минутта Джесси Блэкердің пасынан кейін Дастин Бойд есеп ашса, одан кейін Леонид Метальников пасын Корбан Найт голға айналдырды.

Үшінші кезеңді «Барыс» хоккейшілері сәтті бастады. Олардың қатарынан Дастин Бойд 41-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Осылайша «Барыс» 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді «Барыс» тағы бір ойынын Алматыда өткізеді. Бұл жолы 20 қыркүйекте Челябінің «Трактор» командасын қабылдайды. Одан кейін сырт айдында 25 қыркүйекте Магнитогорскінің «Металлург», 27 қыркүйекте Челябінің «Трактор» командасымен кездеседі.

«Барыс» бұған дейін сырт айдында Владивостоктың «Адмирал» командасынан жеңіліп қалған еді https://kaz.inform.kz/news/khl-barys-admiraldan-tagy-da-zhenildi_a3565477.



Соңғы жаңалықтар