+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді

2020 жылғы 17 қазан 01:12
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Қазан қаласының «Ак Барс» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы орталық стадионға Балуан Шолақтың есімі берілуі мүмкін Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды

Ойын барысы тартысты өрбіді. Алғашқы екі кезеңде қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Қазандық хоккейшілер бірнеше мәрте тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Айта кетерлігі, «Барыс» хоккейшілері бұл кезеңдерде өте сақ ойнады. Бірде-бір мәрте ойын ережесін бұзған жоқ.

Бір қызығы, үш кезеңде бірде-бір шайба соғылған жоқ. Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталды. Овертаймда Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Екі команда бұған дейін 36 мәрте кездесті. «Барыс» небәрі 6 мәрте жеңіске жетіп, қалғанында қарсыласына есе жіберді. 2014 жылдың 7 қаңтарынан бері елордалық клуб аталған қарсыласын Қазан қаласында жеңіп көрген жоқ. Сол жеңілістер сериясы бүгін бұзылды.

Бұдан бұрын елордалық клуб овертаймда «Спартактан» басым түсті.

«Барыс» енді 21 қазанда елордада Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT