+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралды» жеңді

2020 жылғы 24 ақпан 15:31
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралды» жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында триатлон саябағы ашылады «Алматы» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті Спортпен шұғылдану көшеге шығуға негіз бола алмайды – Әділет министрі

Естеріңізге сала кетелік, қазір «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі жалпы турнир кестесінде 82 ұпаймен алтыншы орында тұр. Плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаға бірнеше тур бұрын қол жеткізіп қойды. Ал «Адмирал» 20-орында келеді .

Айта кетерлігі, «Адмирал» соңғы жеті кездесудің алтауында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Қуанарлығы, «Барыс» соңғы сегіз ойынның жетуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

«Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі соңғы екі ойынында қазақстандық жастардың әлеуетін байқап көруге шешім қабылдады. Команда құрамында барлық шеп бойынша өзгерістер болды.

Бас бапкердің бұл тәуекелі өз жемісін берді. Жастар өздерін жақсы қырынан таныта білді. Ойынның 4-минутында «Барыс» сапынан Валерий Орехов мергендік танытты. Ал 6-минутта оның командалық әріптесі Павел Акользин есепті үстемелей түсті. Сол 6-минутта елордалық хоккейшілер тағы бір мәрте қарсыласын қапы қалдырды. Ал 36-минутта Константин Глазачев есеп айырмасын қысқартты. Ойында «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, соңғы төрт кездесуде елордалық клуб аталған қарсыласын жеңе алмай келген еді. Елордалық хоккейшілер сол кеткен есені қайтарды. Сондай-ақ, шығыс конференциясында Ресейдің «Авангард» командасын арта салып, екінші орынға көтерілді. Жалпы турнир кестесінде тқртіншы орынға жайғасты.

Енді «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңінде 26 ақпанда Хабаровскінің «Амур» командасымен ойнайды. Ал 1 наурызда плей-офф кезеңі басталады. Әзірге «Барыс» командасына кімнің қарсылас атанатыны белгісіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT