ҚХЛ: «Амур» - «Барыс» матчын қайдан және қашан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының матчында хабарлық «Амурмен» ойнайды, деп жазады Sports.kz.

Ойын 10 желтоқсанда Астана уақытымен 15:30-да басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

1XBET букмекерлік конторы қазақстандық клубты фаворит санап отыр: «Амурдың» жеңісі - 2.825, тең нәтиже - 4.3, «Барыстың» жеңісі - 2.13. Ең көп болжалды есеп - 2:2, коэффициент - 11.

Айта кетейік, қазіргі таңда астаналықтар Шығыста 50 ұпаймен бесінші орында тұр. Андрей Скабелканың командасында негізгі уақытта 16 жеңіс және овертайм мен буллиттерде үш жеңіс бар, шайбалар саны - 115:97.

Соңғы жаңалықтар